Сарыағаш аудандық полиция басқармасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Сарыағаш аудандық полиция басқармасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
12.06.2026
169
0

Сарыағаш аудандық полиция басқармасында пробация есебінде тұрған азаматтар мен мекеме қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің директоры Медет Халықов, Орталықтың маманы Ғалымжан Өгембай, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Омархан Сүйінбекұлы және Сарыағаш аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Оразбаев Нұрлан Есеналиевич қатысты.

Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығы, ақпараттық гигиенаны сақтау, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден қорғану, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризм идеологияларының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Мамандар қатысушыларға діни ақпаратты тек сенімді әрі ресми дереккөздерден алу қажеттігін атап өтіп, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әр азаматтың жауапкершілігіне тоқталды.

0 пікір