ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
17.06.2026
71
0

Түркістан облысында мемлекеттік қызметкерлер мен түрлі сала өкілдерінің қатысуымен қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ ақпараттық гигиена мәдениетін қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға дәстүрлі рухани құндылықтардың маңызы, интернет кеңістігіндегі жалған діни ақпараттардың қауіптілігі, радикалды идеологияның белгілері мен олардан сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Орманов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Жорабек Жалғас және Қайрат Салықбаев қатысып, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение внутри помещения

Возможно, это изображение текст

 

 

0 пікір