Шардара ауданында дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту бағытында кезекті ақпараттық-түсіндіру жиыны ұйымдастырылды. Бұл жолғы басқосу Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандарымен өтті.
Мақсаты: Халықпен және бизнес өкілдерімен тығыз байланыста болатын орталық мамандарының діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және интернеттегі ақпараттарды саралай білу дағдыларын жетілдіру. Сондай-ақ қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қалыптастыру.
Жиынға қатысқан білікті сарапшылар:
Фатима Сарыбайқызы Айдарбекова – Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы;
Медет Халықов – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры;
Дәурен Аманов – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы;
Асылхан Қасымұлы Данияров – Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі әдіскері;
Алмас Әмзеұлы Оспанов – Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі.
Рухани сауаттылық пен заң үстемдігі
Кездесу барысында мамандар діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпараттардан сақ болу және дәстүрлі құндылықтарды сақтау мәселелері сөз болды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтаудың маңызы ерекше. Мемлекеттің құқықтық негіздерін құрметтеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру — бірлік пен тұрақтылықтың басты кепілі екендігі ескертілді.
Жиын соңында орталық қызметкерлері көкейкесті сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды. Ағартушылық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru