Шардара орталық ауруханасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Шардара орталық ауруханасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
24.06.2026
86
0

Шардара қалалық емханасының мәжіліс залында дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту бағытында маңызды ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Бұл басқосудың басты мақсаты — ел саулығының күзетінде жүрген емхана қызметкерлері мен дәрігерлердің діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және интернет кеңістігіндегі ақпараттарды саралай білуге дағдыландыру болды. Заманауи сын-қатерлерге қарсы иммунитет қалыптастыруда медицина саласы мамандарының да белсенді рөл атқаратыны анық.

Жиынға арнайы қатысып, өз ойларымен бөліскен білікті мамандар тобы:

Фатима Сарыбайқызы Айдарбекова – Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы;

Медет Халықов – Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры;

Дәурен Аманов – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы;

Асылхан Қасымұлы Данияров – Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі әдіскері;

Алмас Әмзеұлы Оспанов – Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі.

Кездесу барысында сарапшылар діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Әсіресе, күнделікті тұрғындармен тығыз байланыста болатын емхана ұжымына жат ағымдардың жетегінде кетпеудің, әлеуметтік желілердегі күмәнді діни парақшалардан сақтанудың маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар, кездесуде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қатаң сақтаудың маңызы зор екені айрықша атап өтілді. Мемлекеттің құқықтық негіздерін құрметтеу және заң шеңберінде әрекет ету — кез келген деструктивті көзқарасқа тосқауыл болатын басты құрал екені түсіндірілді.

Жиын соңында аурухана қызметкерлері мен аудан тұрғындары көкейкесті сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды әрі мазмұнды жауаптар алды. Мұндай ағартушылық іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

0 пікір