Максим Горький атындағы жалпы орта мектебінің акт залында дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту бағытында маңызды ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – аудандық жұмыспен қамту бөлімінің әлеуметтік сала қызметкерлері, мәдениет саласының мамандары, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, қала және ауылдық округтердің дін саласына жауапты мамандарының діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, интернет кеңістігіндегі ақпараттарды саралай білу дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырып, «Заң мен тәртіп» қағидаттарының маңызын түсіндіру болды.
Жиынға арнайы қатысып, өз ойларымен бөліскен білікті мамандар:
Фатима Сарыбайқызы Айдарбекова – Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы;
Медет Халықов – Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры;
Дәурен Аманов – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы;
Асылхан Қасымұлы Данияров – Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі әдіскері;
Алмас Әмзеұлы Оспанов – Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі.
Кездесу барысында сарапшылар діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттардан сақ болу, дәстүрлі құндылықтарды сақтау және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.
Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қатаң сақтаудың маңызы ерекше атап өтілді. Мемлекеттің құқықтық негіздерін құрметтеу, заң талаптарын сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру – қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың кепілі екендігі түсіндірілді.
Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.



