Кездесудің негізгі мақсаты – «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен зайырлылық қағидаттарын түсіндіру болды.
Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов, орталықтың маманы Даурен Аманов, сондай-ақ Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Тұрсынқұлов Серік Алтынбекұлы қатысты.
Кездесу барысында мамандар қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңызына тоқталып, әрбір азаматтың заң талаптарын сақтау – елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің басты кепілі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, қатысушыларға діни экстремизм мен терроризмнен сақтану жолдары, деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері, радикалды идеологияның қауіпті салдары, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі діни манипуляциялардан қорғану тәсілдері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ діни ақпаратты тек ресми және сенімді дереккөздерден алу, күмәнді діни контентке сын көзбен қарау және заңға қайшы әрекеттерге жол бермеудің маңыздылығы айтылды.
Кездесу соңында емхана қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, көтерілген мәселелер бойынша мамандар тарапынан нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді.


