ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕОЛОГТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ТРЕНИНГІ ӨТТІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕОЛОГТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ТРЕНИНГІ ӨТТІ
08.07.2026
20
0

Түркістан облысында өңірдегі теологтар мен ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған оқу-тренингі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын жетілдіру, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін дамыту, шешендік сөйлеу дағдыларын жетілдіру және халықпен тиімді коммуникация орнату.
Тренингке облыстық дін істері басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері, қала және аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің дін саласына жауапты мамандары, білім беру ұйымдарының психологтары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігі қызметкерлері, БАҚ өкілдері және ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі қоғамдық тұрақтылық пен келісімді нығайтуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ теологтар мен сала мамандарының кәсіби құзыреттілігін үнемі жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Психолог маман Акмарал Сихымбайқызы Абдукеева көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, аудиториямен тиімді байланыс орнату және сенімді коммуникация қалыптастырудың психологиялық қырлары туралы баяндады.
«Otyrar TV» журналисі, диктор және тележүргізуші Мадина Ержанқызы Нариман ақпаратты сауатты жеткізу, шешендік өнердің ерекшеліктері, сөз саптау мәдениеті және медиамен тиімді жұмыс жүргізу бағытында тәжірибесімен бөлісті.
Ғалым, PhD докторы Ақбілек Пазылханқызы Мыңбаева пікірталас жүргізу әдебі, күрделі сұрақтарға кәсіби жауап беру әдістері және қазіргі қоғамдағы тиімді коммуникацияның маңыздылығы жөнінде сөз сөйледі.
Тренинг аясында қатысушылар интерактивті форматтағы тәжірибелік сабақтарға қатысып, кейстік тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе алмасты. Практикалық жаттығулар арқылы халықпен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдері таныстырылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдістері талқыланды.

Аталған оқу-тренингі өңірдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға, теологтар мен ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің кәсіби әлеуетін нығайтуға және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и помост

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение отдел новостей, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение учеба и текст

Возможно, это изображение помост и текст

0 пікір