«ТАҒЫЛЫМ» ПОДКАСТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМЫ ТҮСІРІЛДІ
Журналист, композитор Бекжігіт Сердәлімен «Сөз бен саз: Ұлтты тәрбиелеген күш» тақырыбында «Тағылым» подкастының кезекті шығарылымы түсірілді.
Сұхбат барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі сөз өнері мен саз өнерінің орны, олардың жас ұрпақтың дүниетанымы мен тәрбиесіне ықпалы, сондай-ақ қазіргі ақпараттық кеңістікте рухани сабақтастықты сақтаудың маңыздылығы талқыланды.
Подкаст аясында қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты тұшымды пікірлер айтылып, ұлттық мәдениет пен рухани мұраны насихаттаудың маңызы кеңінен сөз болды.




+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru