«ТАҒЫЛЫМ» ПОДКАСТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМЫ ТҮСІРІЛДІ
«ТАҒЫЛЫМ» ПОДКАСТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМЫ ТҮСІРІЛДІ
28.07.2026
158
0

Дінтанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Болат Шаймолдаұлы Шомановпен «Терроризмнің жаңа келбеті: интернет, идеология және Қазақстанның қауіпсіздігі» тақырыбында «Тағылым» подкастының кезекті шығарылымы түсірілді.

Сұхбат барысында интернет кеңістігінде таралатын радикалды идеологиялардың қаупі, террористік ұйымдардың азаматтарды өз ықпалына тарту тәсілдері, жалған діни ақпаратты ажырату және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мәселелері талқыланды.

Подкаст аясында еліміздегі діни ахуал, жастардың теріс идеологияларға қарсы рухани иммунитетін қалыптастыру, медиасауаттылықты арттыру, сондай-ақ терроризм мен экстремизмнің алдын алуда қоғам мен отбасының рөлі жөнінде тұшымды пікірлер айтылды.
Возможно, это изображение один или несколько человек и отдел новостей

Возможно, это изображение один или несколько человек, костюм, отдел новостей и текст

 

0 пікір