САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
30.07.2026
301
0

Сарыағаш ауданында Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның ілімінің ұлттық құндылықтармен сабақтастығын зерделеу мақсатында «Ясауи керуені» аймақтық ғылыми-танымдық семинары өтті.

Семинар жұмысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ профессорлары мен оқытушылары, теология және дінтану саласының ғалымдары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Іс-шараны «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков жүргізіп, семинардың маңыздылығына тоқталды.

Жиында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, теология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Бауыржан Сайфунов, университет доценттері Сержан Оразбай мен Мұхит Төлеген баяндама жасап, Қожа Ахмет Ясауидің тарихи тұлғасы, ұлттық идентификация, хикметтердегі рухани құндылықтар, сондай-ақ Ясауи ілімінің қазақ салт-дәстүрлерімен сабақтастығы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Семинар барысында Ясауи мұрасының қазіргі қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы маңызы талқыланып, ғылыми-танымдық бағыттағы пікір алмасу жүргізілді.

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст "ዬ 中"

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и помост

Возможно, это изображение помост и текст "аЙеЛДеи аЙЕЛДЕрРаЛ Хикмет айтудын ceri туркстан айслдери Иасаун хнкиеери ceria гасыр большевиктер 1925- жылдары тыым салса да, 正 Урпакт Хикметшилер тобы Кмрыкайел КириЛелЖиаλлы.,Талерсн ЭЙел жиналыш, Гайыш Ерен, крык!!!иттенд! кырык Шиттенд! отнек erin, хикисттердя кезе окыган. Тэжтриб бастац, cakrara අසෝර"

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, толпа, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

0 пікір