ШАРДАРА АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ШАРДАРА АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
06.08.2026
154
0

 

Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Дәурен Аманов қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, азаматтардың радикалды идеологияларға қарсы иммунитетін қалыптастыру және заң талаптарын сақтау мәдениетін дәріптеу.

Кездесу барысында дәстүрлі ислам құндылықтарының қоғам өміріндегі маңызы, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың теріс ықпалы, сондай-ақ діни ақпараттарды сенімді және ресми дереккөздерден алу қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеудің өзектілігі, отбасы институтының рөлі, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу мәселелері талқыланды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әрбір азаматтың заң талаптарын сақтауы, қоғамдық тәртіп пен өзара құрметті нығайтуға үлес қосуы, күмәнді діни ақпараттар мен заңсыз насихаттан сақ болуы қажеттігі айтылды. Заңға құрмет – қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі кепілі екені атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теологиялық және құқықтық тұрғыда нақты жауаптар берілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Возможно, это изображение учеба и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение один или несколько человек

0 пікір