АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
05.08.2026
197
0

 

Арыс қаласында түркі әлемінің ұлы ойшылы, рухани көшбасшы Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Ясауи керуені» аймақтық ғылыми-танымдық семинары өтті.

Түркістан облысы әкімінің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан тағылымды жоба аясындағы басқосуға Түркістан облысы дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов пен Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы Төлепов қатысып, сөз сөйледі.

Жиында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, теология ғылымдарының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бауыржан Сайфунов, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, дінтанушы Сержан Оразбай және Теология факультетінің доценті, PhD докторы Мұхит Төлеген баяндама жасап, Қожа Ахмет Ясауидің рухани-философиялық мұрасы мен оның ұлттық құндылықтармен сабақтастығына тоқталды.

Атап айтқанда, Бауыржан Сайфунов «Қожа Ахмет Ясауидің тарихи тұлғасы және ұлттық идентификация», Сержан Оразбай «Ясауи хикметтеріндегі рухани құндылықтар», ал Мұхит Төлеген «Қожа Ахмет Ясауи ілімі және қазақ салт-дәстүрлері» тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады.

Семинар барысында Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеу, оның рухани-адамгершілік құндылықтарын өскелең ұрпаққа кеңінен таныту және ұлттық тәрбиемен сабақтастыра насихаттау бағытында пікір алмасу өтті.

«Ясауи керуені» семинары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеуге, ұлттық руханиятты жаңғыртуға және қоғамның тарихи-рухани танымын арттыруға бағытталған мазмұнды ғылыми-танымдық алаң болды.

Нет описания фото.

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

Возможно, это изображение помост и текст

 

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение помост, отдел новостей и текст "ΠΟΙМ Достур CaRcaT улья таным Д.ни нитажирибе тажирибе Мифт.к TaH eT Тарихи н Д.ни сан: Кукыит таныл дίл"

Возможно, это изображение текст "ЕРУ актык ГЫлыМи семина"

Возможно, это изображение один или несколько человек, толпа и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, платок и текст

0 пікір