СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ НЫСАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ НЫСАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
25.08.2026
75
0

Созақ ауданындағы геологиялық барлау нысанында өндіріс саласы қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың теолог маманы Қуаныш Қосмаханов, Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Болатханұлы Райымқұлов және «Волковгеология» АҚ-ның №5 Геологиялық барлау экспедициясы филиалының директоры Құрманғали Әбиұлы Бекишов қатысты.

Басқосу барысында Құрылтайдың ел дамуы мен ұлттық бірлікті нығайтудағы маңызы, жаңа Конституцияға қатысты мәселелер, «Жаңа Қазақстан» бағытындағы қоғамдық өзгерістер, заң үстемдігі мен құқықтық мәдениет тақырыптары сөз болды.

Сонымен қатар зайырлылық қағидаттары, мемлекет пен діннің арақатынасы, «Таза Қазақстан» бастамасы, ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттық гигиена мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қызметкерлерге интернет пен әлеуметтік желілердегі ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау, күмәнді мәліметтерді ресми әрі сенімді дереккөздер арқылы тексерудің маңызы түсіндірілді.

Кездесу қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, құқықтық және ақпараттық сауаттылықты арттыруға бағытталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

0 пікір