САУРАН АУДАНЫНЫҢ ЕСКІ ИҚАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
САУРАН АУДАНЫНЫҢ ЕСКІ ИҚАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
14.08.2026
345
0


Сауран ауданының Ескі Иқан ауылдық округінде Нұрлан Байжігітұлының қатысуымен тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шарада бүгінгі қоғам үшін маңызды бірқатар тақырыптар талқыланды. Атап айтқанда, зайырлы қоғам қағидаттары, заң мен тәртіпті сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, лудоманияның қоғамға тигізетін кері әсері, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтар, ақпараттық гигиена және «Таза Қазақстан» бастамасы жөнінде кеңінен айтылды.

Нұрлан Байжігітұлы азаматтардың құқықтық және діни сауаттылығын арттырудың, ұлттық тәрбиені дәріптеудің және жастардың саналы таңдау жасауына дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желідегі ақпаратты саралап қабылдау, күмәнді дереккөздерден сақтану, зиянды әдеттер мен деструктивті идеялардың ықпалына түспеудің жолдары сөз болды.

Кездесу сұрақ-жауап форматымен жалғасып, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берілді.

Заңға құрмет, ұлттық құндылыққа адалдық және саналы көзқарас – берік қоғамның басты тірегі.

Возможно, это изображение толпа

Возможно, это изображение помост и текст

Нет описания фото.

Возможно, это изображение помост

Возможно, это изображение учеба

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и толпа

0 пікір