Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округінде Нұрлан Байжігітұлының қатысуымен тұрғындарға арналған тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен қозғалып, зайырлылық қағидаттары, заң мен тәртіп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, лудоманияның зардаптары, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтау, ақпараттық гигиена және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының маңызы сөз болды.
Нұрлан Байжігітұлы қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сыйластықты нығайтуда әр азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін атап өтіп, жастарды білімге, саналы өмір салтына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдауға шақырды.
Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда діни сауаттылықтың, лудомания секілді әлеуметтік мәселелерден сақтануда отбасы тәрбиесі мен дұрыс ортаның, ал ақпараттық кеңістікте сенімді дереккөзді ажырата білудің маңызы түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, еркін пікір алмасты.
Зайырлылық, заңға құрмет, ұлттық тәрбие мен жауапкершілік – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның негізі.






+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru