БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА МҰҒАЛІМДЕРМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА МҰҒАЛІМДЕРМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
27.08.2026
76
0

Бәйдібек ауданындағы С.Әбдіжаппаров мектебінде мұғалімдердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Басқосу барысында білім беру ортасындағы діни сауаттылық, зайырлылық қағидаттары және жат идеологиялық ықпалдардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың теолог маманы Қуаныш Қосмахан және Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Қосыбайұлы Алдамжаров қатысты. Басқосуды Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Қосыбайұлы Алдамжаров жүргізіп, жиынның мазмұнды өтуіне модераторлық жасады.

Жиында мұғалімдердің жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Оқушыларға ұлттық құндылықтарды, өзара құрмет пен жауапкершілікті дарыту, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және теріс ықпалдарға қарсы иммунитет қалыптастырудың маңызы сөз болды.

Сонымен қатар Қазақстанның зайырлы мемлекет ретіндегі қағидаттары, мемлекет пен діннің арақатынасы, діни сенім бостандығы және дін саласындағы заң талаптары түсіндірілді. Педагогтерге деструктивті діни идеялардың белгілері мен олардың жастарға ықпал ету тәсілдері туралы мәлімет берілді.

Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмады. Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі күмәнді діни мазмұнды ажырата білу, жалған және арандатушы ақпараттарға сақтықпен қарау, мәліметті ресми әрі сенімді дереккөздер арқылы тексеру қажеттігі айтылды.

Кездесу педагогтердің діни, құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, жастар арасында жат идеологиялық көзқарастардың алдын алуға және мектептегі қауіпсіз әрі саналы орта қалыптастыруға бағытталды.Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, флейта, кларнет и текст "1( ብን ১6 १९ 中"Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатсяВозможно, это изображение свадьба, помост и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, помост и текстВозможно, это изображение помост и текстВозможно, это изображение помост

0 пікір