Бәйдібек ауданының Шаян ауылдық округінде полиция қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың теолог маманы Қуаныш Қосмаханов, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ғалымжан Рахымжанұлы Құрбаналиев және Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Қосыбайұлы Алдамжаров қатысты.Басқосуда қаралған негізгі бағыттар:
Заң үстемдігі мен дін заңнамасы: Дін саласындағы заң талаптарының қатаң сақталуы, зайырлы мемлекет қағидаттарын қорғау және заңсыз діни ағымдардың алдын алудағы полиция қызметкерлерінің жауапкершілігі;
Қоғамдық бірлік пен реформалар: Ұлттық құрылтайдың ел дамуындағы рөлі, конституциялық бастамалар және қоғамдағы құқықтық мәдениетті көтеру маңызы;
Ақпараттық қауіпсіздік және гигиена: Әлеуметтік желілердегі күмәнді әрі радикалды мазмұндағы мәліметтерді ажырату, дереккөздің шынайылығын тексеру және фейк ақпаратқа тосқауыл қою тетіктері;
«Таза Қазақстан» бастамасы: Айналаны таза ұстау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және қоғамдық тәртіпті нығайту.
Іс-шара тәртіп сақшыларының құқықтық әрі ақпараттық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталды.






+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru