БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА СПОРТ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА СПОРТ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
27.08.2026
81
0

Бәйдібек ауданындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорт саласының өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың теолог маманы Қуаныш Қосмаханов және ауданның тиісті сала өкілдері қатысты. Кездесудің өту барысын Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Қосыбайұлы Алдамжаров үйлестірді.
Басқосуда спортшылар мен жасөспірімдердің қоғамдағы жауапкершілігі, салауатты өмір салтын ұстану, тәртіп пен заңға құрмет, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Ұлттық құрылтайдың ел дамуындағы рөлі, конституциялық бастамалар, зайырлылық қағидаттары мен дін саласындағы заң талаптары түсіндірілді. Жастар арасында деструктивті діни идеялардың таралуына жол бермеу, күмәнді діни мазмұннан сақтану және діни сауаттылықты арттырудың маңызы айтылды.
Ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы аясында әлеуметтік желілердегі күмәнді контентті ажырату, жалған ақпаратқа ермеу, ақпаратты сенімді әрі ресми дереккөздер арқылы тексеру қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасы аясында спорттық ортада тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәселелері сөз болды.
Кездесу спортшылардың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, жастар арасында салауатты өмір салтын, тәртіптілік пен азаматтық жауапкершілікті насихаттауға бағытталды.Возможно, это изображение один или несколько человекВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и люди занимаются боевыми искусствами

0 пікір