Отырар ауданында ауыл тұрғындарының қатысуымен қоғамдық тұрақтылық, құқықтық сауаттылық, зайырлылық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Жиын барысында азаматтардың күнделікті өмірде заң талаптарын білуі, діни мәселелерде ресми әрі сенімді ақпаратқа жүгінуі, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түспеу және күмәнді діни мазмұннан сақтану жолдары түсіндірілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың теолог маманы Нұрлыхан Әмзеев және Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы Құлмаханов қатысты.
Сонымен қатар отбасы тәрбиесі, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы өзара сыйластық пен бірлікті сақтау мәселелері қозғалды.
Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралатын жалған ақпаратты ажырату, күмәнді сілтемелер мен арандатушы контентке сақтықпен қарау, ақпараттың шынайылығын ресми дереккөздер арқылы тексеру қажеттігі айтылды.
Басқосуда Ұлттық құрылтайдың ел дамуындағы орны, азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет және «Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекеннің тазалығына ортақ жауапкершілікпен қарау мәселелері де талқыланды.
Кездесу тұрғындардың құқықтық, діни және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық келісім мен өзара жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.







+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru