Отырар ауданындағы мәдениет үйінде мәдениет және спорт саласы қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жиыны ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың теолог маманы Нұрлыхан Әмзеев және Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы Құлмаханов қатысты.
Жиын барысында мәдениет пен спорт саласының қоғамдағы тәрбиелік және біріктіруші рөліне ерекше назар аударылды. Жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар зайырлылық қағидаттары, дін саласындағы заң талаптары, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және күмәнді діни мазмұннан сақтану жолдары түсіндірілді.
Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша әлеуметтік желілердегі жалған, арандатушы және күмәнді контентті ажырату, ақпаратты ресми әрі сенімді дереккөздер арқылы тексеру, медиасауаттылықты арттырудың маңызы айтылды.
Басқосуда Ұлттық құрылтайдың ел дамуындағы орны, конституциялық бастамалар, қоғамдық бірлік пен құқықтық мәдениетті нығайту мәселелері де талқыланды.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында мәдениет және спорт нысандарында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қажеттігі атап өтілді.
Жиын сала қызметкерлерінің құқықтық, діни және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.








+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru