САУРАН АУДАНЫНДА ДІНИ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
САУРАН АУДАНЫНДА ДІНИ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
03.09.2026
304
0

Сауран ауданындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде мұғалімдер мен оқушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың маманы Мырзабай Қайсар және Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Ержанұлы Қалеке қатысты.

Жиын барысында дін саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық гигиена және медиасауаттылық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралатын күмәнді діни мазмұндағы ақпараттарды ажырату, олардың дереккөзін тексеру және ресми ақпаратқа жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі деструктивті діни идеялар мен арандатушы контенттің ықпалынан сақтану, ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау, тексерілмеген мәліметтерді таратпау және жеке ақпараттың қауіпсіздігін сақтау жөнінде кеңестер берілді.

Кездесуде жастардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру, ақпараттық манипуляцияға ермеу мәселелері де қамтылды. Мұғалімдердің жас ұрпақтың ақпараттық мәдениеті мен дұрыс дүниетанымын қалыптастырудағы рөліне назар аударылды.

Кездесу қатысушылардың діни және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, цифрлық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметті нығайтуға бағытталды.

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение отдел новостей, помост и текст "ЖАТ АГЫН ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ ុ) Экстремистик идеологиянын жастар арасында таралу жолдары trust harisma brain 1 2 3 80-90% ЗАНСЫЗ ДНИ БЛМ Шет елдег. курстар психологияЛыК МАНИПУЛЯЦИЯ Сезбен баурап алу удымен адамнын CeHiMiHe ЖЫлЫ сойлейдй, 03 кптарына еркнен Тыс багындырады, ЭЛΕУΜΕТТΙК ЖЕЛИЛЕР ИНТЕРНЕТ АРКЫЛЫ АРБАУ елдег тиркелмеген, куманди орталыктарда 6iniM алу-ж -жат атымжетейнде кетелнде алу кетудин басты себеб.. Жат аымга кетушилердн 80-90%-bl интернет аркылы арбалады. Желидег дурыс neH кларатты ажырата алмау лкен ayin тудырады. mterator joptional)"

Возможно, это изображение телевизор и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

0 пікір