КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
02.09.2026
167
0

Кентау қаласындағы Жастар орталығында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, деструктивті діни идеялардың алдын алу және ақпараттық гигиенаны қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Қайрат Салықбаев, орталықтың маманы Нұргелді Дүйсебай және Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбек Оразбекұлы Жақаев қатысты.

Басқосу барысында зайырлылық қағидаттары, мемлекет пен діннің арақатынасы, дін саласындағы заң талаптары және қоғамдағы конфессияаралық келісімді сақтау мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың ықпалына түспеу, күмәнді діни ақпараттан сақтану және діни мәселелер бойынша ресми әрі сенімді дереккөздерге жүгінудің маңызы айтылды.

Ұлттық құрылтайдың ел дамуындағы орны, қоғамдық бірлік пен ортақ құндылықтарды нығайтудағы рөліне де назар аударылды. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық тәртіпті нығайтудың маңызы сөз болды.

Ақпараттық гигиена тақырыбы бойынша әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде таралатын ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау, жалған және арандатушы мәліметтерді ажырату, күмәнді контентті таратпау және ақпараттың шынайылығын ресми дереккөздер арқылы тексеру қажеттігі түсіндірілді.

Кездесу тұрғындардың діни, құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, зайырлы құндылықтарды насихаттауға және қоғамдағы тұрақтылық пен өзара жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.Возможно, это изображение отдел новостей и текст "RAN"Возможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение учеба и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и текстВозможно, это изображение толпа и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, толпа и текстВозможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

0 пікір