КЕНТАУ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
КЕНТАУ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
02.09.2026
175
0

Кентау көпсалалы колледжінде студенттердің қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, деструктивті діни идеялардың алдын алу және ақпараттық гигиенаны қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Қайрат Салықбаев, орталықтың маманы Нұргелді Дүйсебай және Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбек Оразбекұлы Жақаев қатысты.

Жиын барысында студенттерге зайырлылық қағидаттары, дін саласындағы заң талаптары, деструктивті діни ағымдардың белгілері және күмәнді діни ақпараттан сақтану жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар жастардың әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Күмәнді контентті ажырату, жалған ақпаратқа ермеу, ақпараттың шынайылығын ресми әрі сенімді дереккөздер арқылы тексеру және ақпараттық гигиенаны сақтау қажеттігі айтылды.

Ұлттық құрылтайдың ел дамуындағы орны, қоғамдық бірлік пен ортақ құндылықтарды нығайтудағы маңызы да сөз болды. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері көтерілді.

Кездесу студенттердің діни, құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, олардың бойында сыни ойлау, жауапкершілік және зайырлы құндылықтарға құрмет қалыптастыруға бағытталды.

Возможно, это изображение помост, отдел новостей и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, кларнет и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и помост

0 пікір