Кентау қаласында медицина саласы қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Қайрат Салықбаев, орталықтың маманы Нұргелді Дүйсебай және Кентау қалалық ішкі саясат бөілімінің басшысы Жақаев Жалғасбек Оразбекұлы қатысты.
Жиын барысында медицина қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі, зайырлылық қағидаттары, дін саласындағы заң талаптарын сақтау және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың алдын алу, күмәнді діни ақпараттан сақтану, азаматтарға дұрыс бағыт-бағдар беру және діни мәселелерде ресми әрі сенімді дереккөздерге жүгінудің маңызы түсіндірілді.
Ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы аясында әлеуметтік желілердегі жалған және күмәнді мәліметтерді ажырату, ақпаратты тексеру, медиасауаттылықты арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу медицина қызметкерлерінің құқықтық, діни және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.







+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru