САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
03.09.2026
299
0

Сауран аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінде қызметкерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың маманы Мырзабай Қайсар және Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Ержанұлы Қалеке қатысты.

Жиын барысында діни сауаттылықты арттыру, зайырлылық қағидаттарын сақтау, деструктивті діни идеологиялардың алдын алу және қоғамдық тұрақтылықты нығайту мәселелері қозғалды.

Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау, жалған беделге, арандатушы пікірлерге және қоғамды жікке бөлетін идеяларға ермеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді материалдардың мазмұнына, дереккөзіне және таралу мақсатына назар аударудың маңызы айтылды.

Кездесуде қызметтік әдеп, құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және ұжымдағы өзара сыйластық мәселелеріне де назар аударылды. Қоғамдық қауіпсіздік саласында қызмет ететін мамандар үшін сабырлылық, заң талаптарын сақтау және азаматтармен дұрыс коммуникация орнатудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қызметкерлердің діни және құқықтық сауаттылығын арттыруға, деструктивті ықпалға қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыруға және қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение помост и текст "1960 ኢትይስስሽ 2010 2025 GPT"

Нет описания фото.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Нет описания фото.

Возможно, это изображение динамик и текст

Возможно, это изображение текст

0 пікір