ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «АСАРЛАТУ» ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 17 қазанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қосағаш елді мекенінде «Асарлату» тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шараға мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері қатысып, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны абаттандыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізді.Акция барысында көшелер мен аулалар, арықтар мен канал бойлары және өзге де қоғамдық аумақтар қоқыстан тазартылып, елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне ерекше көңіл бөлінді.
Аталған іс-шара тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттауға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.




+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru