ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
14.10.2026
205
0

Түркістан қаласындағы Достық үйінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай облыстағы діни конфессиялар басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, конфессия өкілдерімен қоғамдағы дінаралық татулықты сақтау, өзара сыйластықты арттыру және конфессияаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың басты негіздерінің бірі – түрлі этнос пен діни конфессия өкілдерінің өзара құрметі мен бірлігі екені атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстанның зайырлы мемлекет ретіндегі ұстанымы, азаматтардың ар-ождан бостандығы және діни наным-сеніміне қарамастан заң алдындағы теңдігі туралы айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау – мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін жеткізді. Бұл бағытта өзара түсіністік пен төзімділік мәдениетін қалыптастырудың, ортақ құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар жиында тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, жастарды теріс идеологиялық ықпалдан қорғау, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және қоғамдағы рухани келісімді нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында діни конфессия өкілдері де өз пікірлерін білдіріп, қоғамдық татулықты сақтау мен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытындағы ойларымен бөлісті.

Іс-шара қоғамдағы бірлік пен өзара құрметті нығайтуға, түрлі конфессия өкілдері арасындағы ашық диалог пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение осветительное оборудование и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение текст

0 пікір