ТҮРКІСТАНДА «18 ҚАЗАН – РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТТІ
ТҮРКІСТАНДА «18 ҚАЗАН – РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТТІ
14.10.2026
22
0

Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 18 қазан – Рухани келісім күніне орай облыс орталығындағы «Аманбай» спорттық-сауықтыру кешенінде діни бірлестік өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен спорттық сайыстар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, түрлі діни конфессия өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

Спорттық жарыстар төрт бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қатысушылар екі кезеңнен тұратын футбол турнирінде, командалық арқан тарту, гір тасын көтеру және қол күрес (армрестлинг) сайыстарында өзара бақ сынады.

Аталған жарыстарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің діни қызметкерлері, «Сарыағаш» медресе-колледжінің қызметкерлері, «Балаби Қари» Құран жаттау орталығының шәкірттері, «Яссауи» атындағы Ислам институтының қызметкерлері, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Теология» факультетінің студенттері, қала және аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің дін саласына жауапты мамандары, «Руханият орталықтары» мен дін секторының қызметкерлері, сондай-ақ Түркістан облысы дін істері басқармасы мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.

Тартысты әрі қызықты өткен жарыстар барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, командалық бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша футболдан ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігінің діни қызметкерлері бірінші орынды иеленді. Екінші орын «Сарыағаш» медресе-колледжінің қызметкерлеріне, ал үшінші орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Теология» факультетінің студенттеріне бұйырды.

Арқан тарту сайысында «Сарыағаш» медресе-колледжінің қызметкерлері топ жарды. Екінші орынды ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігінің діни қызметкерлері, үшінші орынды Түркістан облысы дін істері басқармасы мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметкерлері иеленді.

Гір тасын көтеру сайысында «Сарыағаш» медресе-колледжінің қызметкерлері жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Балаби Қари» Құран жаттау орталығының шәкірттері, үшінші орынды ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігінің діни қызметкерлері жеңіп алды.

Қол күрес сайысында «Сарыағаш» медресе-колледжінің қызметкерлері бірінші орынды иеленді. Екінші орынға ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігінің діни қызметкерлері, ал үшінші орынға «Балаби Қари» Құран жаттау орталығының шәкірттері ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Марапаттау барысында сөз алған Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Рухани келісім күнінің маңыздылығына тоқталып, қоғамдағы дінаралық татулықты сақтау, өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайтудың өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ спорттық сайысқа белсенді қатысқан командаларға алғысын білдірді.

Рухани келісім күні аясында ұйымдастырылған бұл шара түрлі діни бірлестік өкілдері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасындағы өзара байланысты нығайтып, ортақ құндылықтар төңірегінде бірігудің маңыздылығын көрсетті.

Спорттық сайыстар қоғамдық келісім мен өзара сыйластықты дәріптеуге, достық қарым-қатынасты нығайтуға және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды бастама болды.

Возможно, это изображение динамик и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

Возможно, это изображение американский футбол, футбол, теннис и текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение футбол, американский футбол и текст

Возможно, это изображение хоккей и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

0 пікір