АРЫС ҚАЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
АРЫС ҚАЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
23.10.2026
15
0

Түркістан облысы, Арыс қаласында діни тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы Нұргелді Дүйсебай қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында зайырлылық қағидаттары, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, радикалды идеологиялардың қоғамға тигізетін қаупі және ұлттық құндылықтардың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар қатысушыларға діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу, күмәнді діни мазмұндағы материалдардан сақтану және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.

Мұндай іс-шаралар қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға және теріс идеологиялардың таралуының алдын алуға бағытталған.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, помост и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение учеба и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и помост

0 пікір