МАҚТААРАЛДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
МАҚТААРАЛДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
03.11.2026
116
0
2026 жылғы 3 қараша күні Мақтаарал ауданында рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық дәстүр мен діни танымды сабақтастыру, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту мақсатында «Рухани керуен» жобасы аясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Түркістан облысының Дін істері басқармасының тапсырысы негізінде өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды кеңінен насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтау, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, ізгілік, имандылық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Тағылымды кездесуді аудан әкімінің орынбасары С. Тұрсынқұлов ашып, жиналған қауымды басқосудың мақсат-міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар арнайы шақырылған қонақтарды аудан тұрғындарына таныстырып, олардың рухани құндылықтарды насихаттау мен қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту жолындағы еңбектеріне тоқталды. Басқосуға ауданның ардагерлері, ақ жаулықты әжелер, жастар өкілдері, шекара қызметі мен полиция қызметкерлері, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт саласының мамандары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесудің арнайы қонақтары қатарында белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов, Қызылорда облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Оспанов және жайдарманшы, актер Жанболат Досболов болды. Кездесу барысында ұлттық тәрбие, рухани құндылықтар, дәстүрлі діннің қоғамдағы орны, жастар тәрбиесі, отансүйгіштік пен адамгершілік мәселелері кеңінен сөз болды. Қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға тағылымды ой-пікірлерін жеткізді. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың рухани дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, қоғамдағы өзара сыйластық пен татулықты нығайтуға ықпал етеді.
Рухани құндылық – ел бірлігінің негізі, ұлттық тәрбиенің тірегі!
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся
 
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
 
Возможно, это изображение помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
Возможно, это изображение отдел новостей и текст
 
0 пікір