ОТЫРАР АУДАНЫНДАҒЫ КІТАПХАНАЛАРДА ДІНИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
ОТЫРАР АУДАНЫНДАҒЫ КІТАПХАНАЛАРДА ДІНИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
02.11.2026
14
0
 
Отырар ауданындағы ауылдық кітапханаларда діни мазмұндағы әдебиеттерге мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы Бауыржан Абдрахман қатысып, кітапхана қорындағы діни әдебиеттерді зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында діни әдебиеттердің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне назар аударылып, тыйым салынған және заң талаптарына сәйкес келмейтін материалдардың тұрғындар арасында таралуына жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлеріне діни мазмұндағы әдебиеттерге қатысты заңнама талаптарын сақтау және заңға қайшы материалдар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Заң талаптарын сақтау – діни тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты.
 
Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст
 
Возможно, это изображение дневник, книга и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, книга и текст
0 пікір