ОРДАБАСЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ОРДАБАСЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
02.11.2026
11
0
Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Түркістан облысы Ордабасы ауданында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Игі шараға мемлекеттік органдар мен мекеме қызметкерлері қатысып, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және ауданның экологиялық жағдайын жақсарту бағытында бірлесе еңбек етті.
Акция барысында белгіленген аумақтарға жас көшеттер отырғызылып, олардың дұрыс жайқалып өсуіне негіз болатын жұмыстар жүргізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және келер ұрпаққа жасыл желекке бөленген көрікті мекен қалдыру.
Ағаш отырғызу – болашаққа жасалған игі қадам!
Таза Қазақстан – таза болашақ!
Возможно, это изображение дерево
 
Нет описания фото.
0 пікір