ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
03.11.2026
133
0
 
2026 жылғы 3 қарашада Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде «Рухани керуен» жобасы аясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – облыс тұрғындары арасында ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, «Таза Қазақстан», «Адал азамат» бағдарламалары мен «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттық гигиена мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р. Алтынбеков, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі, исламтану саласының PhD докторы Әділбаев Алау Шайқымұлы, жайдарманшы, блогер Жаманқұлов Бақдәулет Сәкенұлы, актер, әнші Абдиев Дәурен, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы қатысты.
Сонымен қатар, жиынға колледж студенттері, Жастар ресурстық орталығы мен Руханият орталығының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды сақтау және насихаттау, жастардың рухани дүниетанымын қалыптастыру, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.
Спикерлер «Адал азамат» қағидаттарының маңыздылығына, «Таза Қазақстан» бастамасының қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы рөліне және «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мәніне тоқталды.
Сонымен қатар, жастарға интернеттегі ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, жалған және күмәнді мәліметтерден сақтану, ақпараттық гигиена талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиын ашық пікір алмасу форматында жалғасып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлерден тиісті жауаптар алды.
«Рухани керуен» жобасы жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қоғамда өзара құрмет пен бірлік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
 
Возможно, это изображение текст
 
Возможно, это изображение помост и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и толпа
 
Возможно, это изображение текст
 
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, костюм и свадьба
0 пікір