АРЫС ҚАЛАСЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
АРЫС ҚАЛАСЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
04.11.2026
221
0

 

Бүгін Арыс қаласында Түркістан облысы дін істері басқармасының «Рухани керуен» жобасы аясында қала тұрғындарымен рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, үлкенге құрмет көрсету мәдениетін дәріптеу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың алдын алу және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру.

Кездесуге арнайы қонақ ретінде белгілі ғалым, PhD докторыҚайрат Құрманбаев, жайдарманшы, блогер Жаманқұлов Бақдәулет Сәкенұлы, актер, әнші Абдиев Дәурен және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы қатысты.

Сонымен қатар, жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Жиын барысында ел бірлігі мен қоғамдық келісім, ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік маңызы, ислам дінінің рухани-адамгершілік құндылықтары және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Арнайы шақырылған қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастар тәрбиесі, отбасындағы өзара сыйластық, адамгершілік қағидаттары мен қоғамдағы рухани тұрақтылықтың маңызы жөнінде тағылымды ой-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, деструктивті діни идеологиялардың қоғамға тигізетін кері әсері, олардың ықпалынан сақтану жолдары және діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара аясында «Қаралы күннің қаһарманы» атты бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. Көрсетілімнен кейін қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алды.

Кездесу соңында қала тұрғындары рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға, ұлттық тәрбие мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған тағылымды әңгімелері және пайдалы кеңестері үшін арнайы келген қонақтарға алғыстарын білдірді.

Мұндай кездесулер қоғамдағы рухани тұрақтылықты сақтауға, жастардың дүниетанымын кеңейтуге, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызды бөлігі болып табылады.

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение учеба, телевизор, динамик и текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение помост

Возможно, это изображение телевизор, динамик и помост

0 пікір