САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР КЕЗДЕСУ ӨТТІ
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР КЕЗДЕСУ ӨТТІ
05.11.2026
150
0

Сарыағаш ауданында ұлттық құндылықтарды ұлықтау, рухани тәрбиені дәріптеу және қоғамдағы ынтымақ пен өзара түсіністікті арттыру бағытында «Рухани керуен» жобасы аясында мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шара Түркістан облысының дін істері басқармасының тапсырысы бойынша ұйымдастырылды.

Жиынның басты міндеті – халық арасында ізгілік пен имандылық қағидаттарын кеңінен насихаттау, ұлттық дәстүрлердің тәрбиелік мәнін түсіндіру, жас буынның бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру, сондай-ақ қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті нығайту.

Тағылымды жиынға белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов, Қызылорда облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Оспанов және жайдарманшы, актер Жанболат Досболов қатысты.

Бұдан бөлек, кездесуге ауданның ардагерлері, ақ жаулықты әжелер, жастар қауымы, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері жиналды.

Басқосу барысында ұлттық тәрбие мен дәстүр сабақтастығы, дін мен дәстүрдің үйлесімі, отбасылық құндылықтар, жас ұрпақтың тәрбиесі, отансүйгіштік және қоғамдағы татулық мәселелері сөз болды.

Қонақтар өз ойларын ортаға салып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Олар ұлттық мұраны сақтау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, отбасындағы жауапкершілік пен жастардың рухани дамуы жөнінде маңызды пікірлер айтып, қатысушыларға тағылымды ой салды.

Кездесу соңында рухани құндылықтарды дәріптеу мен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы мұндай бастамалардың маңыздылығы атап өтілді.

 

Возможно, это изображение помост

Возможно, это изображение динамик, помост и текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение помост и толпа

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение скрипка, помост и текст

0 пікір