ОТЫРАР АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ОТЫРАР АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
05.11.2026
317
0


Отырар ауданында Түркістан облысы дін істері басқармасының «Рухани керуен» жобасы аясында тұрғындармен рухани-танымдық кездесу өткізілді.

Аталған іс-шара ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту, жастардың адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлу және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге арнайы қонақ ретінде белгілі ғалым, PhD докторы Қайрат Құрманбаев, жайдарманшы, блогер Бақдәулет Жаманқұлов, актер, әнші Дәурен Абдиев және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов қатысты.

Сонымен қатар, басқосуға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиын барысында отбасы институтын нығайту, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, ұлттық салт-дәстүрлердің қоғамдық маңызы және рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау мәселелері қозғалды.

Арнайы шақырылған қонақтар өздерінің кәсіби және өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, жас ұрпақтың бойында ізгілік, отансүйгіштік, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету қасиеттерін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, қоғамдағы өзара түсіністік, татулық пен азаматтық жауапкершіліктің ел бірлігін сақтаудағы рөлі туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу аясында деструктивті діни идеологиялардың таралу себептері, олардың жеке адам мен қоғамға тигізетін ықтимал зардаптары, сондай-ақ теріс діни ықпалдан сақтану жолдары жөнінде ақпарат берілді. Қатысушыларға діни мәселелерде сыни ойлау, ақпаратты сенімді дереккөздерден алу және зайырлылық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шара барысында «Қаралы күннің қаһарманы» атты бейнефильм көрсетіліп, оның мазмұны төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылды. Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, арнайы шақырылған мамандардан жауап алды.

Кездесу қорытындысында қатысушылар көтерілген мәселелердің өзектілігін атап өтіп, рухани тәрбие, ұлттық құндылықтар және қоғамдық келісім бағытындағы түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына назар аударды.

 

Нет описания фото.

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение текст

0 пікір