САУРАНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Сауран ауданында Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жобасы аясында аудан тұрғындарына арналған рухани-танымдық кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау, жастардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және шетелде діни білім алуға байланысты ықтимал қауіп-қатерлер жөнінде ақпарат беру.Кездесуді Сауран ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Қалеке ашып, жиынның қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Іс-шараның алғашқы бөлімінде көпшілік назарына «Қаралы күннің қаһарманы» атты деректі фильм ұсынылды.Тағылымды басқосуға арнайы қонақ ретінде жайдарманшы, актер әрі сценарист Хамит Ердехан, жайдарманшы, блогер Бақдаулет Жаманқұлов, блогер Жақсыбек Қабылбай және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов қатысты.Кездесу барысында спикерлер жастар тәрбиесі, ұлттық болмыс пен дәстүр сабақтастығы, діни ақпаратты дұрыс қабылдау және қоғамдағы рухани тұрақтылық мәселелерін кеңінен қозғады. Әсіресе, әлеуметтік желілерде таралатын діни мазмұндағы ақпараттарға сыни көзқараспен қарау, күмәнді діни көзқарастардың ықпалына ермеу және сенімді ақпарат көздеріне жүгінудің маңыздылығы айтылды.Сонымен қатар, қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас буынның саналы таңдау жасауы, ұлттық тәрбиеден ажырамауы және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуі жөнінде ойларын ортаға салды.Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, спикерлерден тұшымды жауап алды.
Мазмұнды жиын жастардың дүниетанымын кеңейтуге, рухани құндылықтарға деген құрметін арттыруға және қоғамда діни тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталды.
Көп оқылғандар
АРЫС ҚАЛАСЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
МАҚТААРАЛДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
ШАРДАРА АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ЖИЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ







+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru