КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МАЗМҰНДЫ ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МАЗМҰНДЫ ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ
05.11.2026
109
0

Кентау қаласында Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жобасы аясында қала тұрғындарымен рухани-танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы қатысып, кездесуге Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің директоры Қайырбеков Әділбек Алиакбарұлы модераторлық етті.

Жиын барысында көпшілік назарына «Қаралы күннің қаһарманы» атты деректі фильм ұсынылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, сондай-ақ шетелде діни білім алуға байланысты ықтимал қауіптер жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде жайдарманшы, актер, сценарист Хамит Ердехан, жайдарманшы, блогер Бақдаулет Жаманқұлов, блогер Жақсыбек Қабылбай және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов қатысты.

Кездесу барысында спикерлер қоғамдағы діни ахуал, жастардың ақпаратты сыни тұрғыдан саралауы, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтардың маңызы, сондай-ақ жат діни идеологиялардың ықпалынан сақтану жолдары жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, жастар тәрбиесіндегі жауапкершілік, діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу және дәстүрлі құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы кеңінен талқыланды. Спикерлер өмірлік тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, қатысушыларға маңызды кеңестер берді.

Ашық пікір алмасу форматында өткен жиында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, спикерлерден тиісті жауаптар алды.

«Рухани керуен» жобасы аясындағы мұндай кездесулер қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайтуға, жастардың рухани дүниетанымын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

Возможно, это изображение отдел новостей, помост и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и скрипка

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение гольф и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

0 пікір