Түркістан қаласында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жобасы аясында тұрғындарға арналған рухани-танымдық кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, жастардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және шетелде діни білім алудың ықтимал қауіптері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиын барысында көпшілік назарына «Қаралы күннің қаһарманы» атты деректі фильм ұсынылды.
Кездесуге арнайы қонақ ретінде жайдарманшы, актер әрі сценарист Хамит Ердехан, жайдарманшы, блогер Бақдаулет Жаманқұлов, блогер Жақсыбек Қабылбай және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов қатысты.
Басқосу барысында жастар тәрбиесі, ұлттық болмысты сақтау, дін мен дәстүр сабақтастығы, әлеуметтік желілердегі діни ақпараттың ықпалы және қоғамдағы рухани тұрақтылық мәселелері кеңінен талқыланды.
Спикерлер жастарды ақпаратқа сыни көзқараспен қарауға, күмәнді діни көзқарастардың ықпалынан сақтануға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге шақырды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Мазмұнды жиын қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға, жастардың рухани дүниетанымын қалыптастыруға және ұлттық тәрбиенің маңызын арттыруға бағытталды.






+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru