ШЫРАҚШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ
ШЫРАҚШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ
11.11.2026
184
0

Түркістан облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті орындарда қызмет атқаратын шырақшылардың біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинары өткізілді. Іс-шара Қожа Ахмет Яссауи атындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының базасында ұйымдастырылды.

Облыс аумағында орналасқан тарихи-рухани маңызы жоғары киелі нысандарға жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ шетел мемлекеттерінен мыңдаған зияратшылар мен туристер келеді.

Осыған байланысты қасиетті орындардағы қызмет көрсету сапасын арттыру, зияратшыларға қолайлы жағдай жасау және тарихи-рухани мұраны кеңінен насихаттау мәселелері ерекше маңызға ие. Бұл ретте шырақшылардың кәсіби даярлығы мен қызмет көрсету мәдениетін жетілдіру өзекті міндеттердің бірі болып табылады.
Семинардың мақсаты – қасиетті орындарда қызмет атқаратын шырақшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, зиярат мәдениетін қалыптастыру, келушілермен жұмыс жүргізу сапасын жетілдіру, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясат пен тарихи-мәдени мұраларды насихаттау бағытындағы білімдерін толықтыру.

Үш академиялық сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру семинарын облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы ашып беріп, шырақшылардың тарихи-мәдени мұраны қорғаудағы роліне кеңінен тоқталды.

Мұндай іс-шаралар қасиетті орындардағы қызмет көрсету сапасын арттыруға, өңірдің рухани және туристік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ Түркістан облысының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Возможно, это изображение учеба

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение один или несколько человек

 

0 пікір