Бәйдібек ауданында Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жобасы аясында аудан тұрғындарына арналған рухани-танымдық кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүр сабақтастығын насихаттау, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау.
Кездесуге арнайы қонақ ретінде дінтанушы, теолог Мәди Бесбаев, актер, мәдениет саласының өкілі Дәурен Әбиев, спортшы Қыдырғали Оңғарбаев, жайдарманшы, блогер Бақдәулет Жаманқұлов және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов қатысты.
Жиын барысында ұлттық тәрбиенің қоғамдағы орны, қазақ халқының салт-дәстүрлері, отбасылық құндылықтар, ұрпақтар сабақтастығы, жастардың тұлғалық қалыптасуы және рухани тұрақтылық мәселелері кеңінен қозғалды.
Спикерлер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адамгершілік және жауапкершілік қасиеттерін сіңірудің маңыздылығына тоқталды.







+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru