ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
09.11.2026
154
0

Төлеби ауданында Түркістан облысы дін істері басқармасының тапсырысы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Рухани керуен» жобасы аясында аудан тұрғындарымен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, жастарды отансүйгіштікке, ізгілік пен адамгершілікке баулу, сондай-ақ қоғамдағы ынтымақ пен өзара сыйластықты нығайту.

Кездесуге арнайы қонақ ретінде белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов, Қызылорда облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Оспанов, жайдарманшы, актер Жанболат Досболов және мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазиева қатысты.

Тағылымды басқосуға ауданның ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, ақ жаулықты аналар, жастар, білім беру, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жиналды.

Жиын барысында қазақ халқының рухани мұрасы, ұлттық тәрбиенің бүгінгі қоғамдағы маңызы, отбасы бірлігін сақтау, дін мен дәстүр сабақтастығы және жас ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру мәселелері талқыланды.

Спикерлер ұлттық бірегейлікті сақтаудың, ата-баба дәстүріне құрметпен қараудың және ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы рухани құндылықтардың орны, жастардың азаматтық ұстанымы мен ел болашағына қосар үлесі жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу барысында үлкенге құрмет, кішіге ізет, отбасы мүшелері арасындағы сыйластық, қоғамдық келісім мен татулықты сақтау мәселелеріне де назар аударылды.

Ашық пікір алмасу форматында өткен жиында тұрғындар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, арнайы шақырылған қонақтармен еркін сұхбаттасты.

«Рухани керуен» жобасы аясындағы кездесу ұлттық құндылықтарды ұлықтауға, салт-дәстүр сабақтастығын нығайтуға және қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті арттыруға бағытталды.

 

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текстВозможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

0 пікір