Қазақстандықтардың өмірінде діннің әсері қандай?
Қазақстандықтардың өмірінде діннің әсері қандай?
26.08.2022
525
0

Бүгінгі Қазақстан қоғамы өзінің көп ұлтты және көп конфессиялы сипатқа ие бола тұрып, өзінің ынтымақтасық пен татулық үлгісімен әлемге әйгілі болып отыр. Осы ішкі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан дін саласы мен ұлттық қауіпсіздік саласына қатысты мемлекеттік саясатты қолдануда.

Қазіргі таңда елімізде 18 конфессияға тиесілі 3845 діни бірлестік тіркелген. 2716 ислам, 345 православ, 88 католик, 591 протестант, 60 Ехоба куәгері, 24 жаңа апостолдық шіркеу, 11 Кришна санасы қоғамы, 7 иудаизм, 6 Бахаи қоғамы, 2 буддистік, 2 Иса Мәсіхтің соңғы күнгі әулиелер шіркеуі (мормондар), 1 Бірігу шіркеуі (муниттер) жұмыс істеуде.

Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дін маңызды рөл атқарады. Ислам және христиандық діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтары ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті нығайтуға қызмет етеді.

Бірақ, жалпы жағдай осылай десек те, респуб­лика аумағында исламның дамуымен діндар мұсылмандардың санының өсуі, соның ішінде жастардың дінге бет бұруы біршама мәселелердің пайда болуына алып келді.

Атап айтқанда, діндар жамағаттың бі­ра­­зы теріс діни жолға түсіп, зайыр­лы мемлекеттің заң талаптарын мойындағысы келмейді. Осы жағдайлар қоғам ортасында діннің әлеуметтік маңызы мен орнына қатысты көзқарастарды қайтадан салмақтауға алып келді.

Мемлекет конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін тең және қолайлы жағдай жасайды. Қазақстан халқының басым көпшілігі өздерін мұсылман санағанымен, басқа діни сенім иелерінің толыққанды іс-әрекет жасауына кедергі келтірмейді. Тәуелсіздік алғаннан бері православиелік, католиктік және протестанттық қауым саны біршамаға артты. Сондай-ақ иудейлер мен буддистік сенім өкілдері де қызмет жасайды.

Діни ұйымдарды мемлекеттен айыру қағидасына сәйкес, мемлекет пен діни бірлестіктер мынадай шарттарды орындайды:

- мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпауы;

- мемлекеттің діни бірлестіктерді қаржыландырудан бас тартуы;

- мемлекеттік діни немесе атеистік идеологияның, мемлекеттік (міндетті) діннің немесе мемлекеттік (міндетті) діни бірлестіктің жоқтығы;

- мемлекеттің діни, дінге қарсы, атеистік ойлар мен ағымдарды насихаттаудан бас тарту;

- мемлекеттің азаматтар дінге көзқарасын бақылаудан және азаматтарды дініне қарай есепке алудан бас тарту;

- діни бірлестіктердің мемлекет істеріне араласпау, оларға қайсыбір мемлекеттік міндет атқаруына, сонымен бірге, діни бірлестіктердің саяси партиялар мен қозғалыстар қызметіне қатысуға тыйым салу.

Ар-ождан мен дінге сену еркіндігін қамтамасыз ету қағидасына сәйкес, азаматтардың дінге көзқарасы, діни немесе діни емес бірлестіктерге қатысуына қарамастан, құқықтары мен бостандықтары теңдігін;

- діни, діни емес және атеистік көзқарасын еркін таңдау құқығын;

- өз діні мен наным-сенімін өзгерту, жеке басымен немесе басқалармен бірге, ашық не жеке түрде еркін сену немесе ұстану, ілімде, ғибадат жасау мен діни және салттық дәстүрлерді орындауда еркін болуын;

- азаматтарды саяси, экономикалық, әлеуметтік салада дініне қарап, кемсітуге жол бермеуін;

діни бірлестіктер (ассоциация) еркіндігіне ие болу құқығын; 

- қай дінге жататындығы мен көзқарасын көрсетуден еркін болуын қамтамасыз ету тиіс.

Қазір республикадағы мұсыл­ман жамағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында «ха­нафи» мазхабының ілімін бас­шылыққа алады. Құлшылық, ғиба­дат­тарында ата-баба жолын ұста­натындықтан, оларды «дәстүрлі мұ­сылмандық сенімдегілер» деп атау әдетке айналған. Атап өту керек, қазіргі кезеңде рес­публика аумағындағы діни ахуал өткен жылдармен салыс­тыр­ғанда бірқалыпты дамуда. Бұл, әрине, мемлекеттің дін сала­сын­дағы саясатының, оны жүзеге асырудағы оңтайлы тетіктерді жүзеге асыра білуінің нәтижесі екендігі анық.

Діни алауыздық пен радикализмнің жолына тосқауыл қойып, экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеуде әртүрлі мем­лекеттік органдар жұмыла қызмет жасауда.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты азаматтардың сенім бостандығына құқығын қамтамасыз ету, әр түрлі сенімді ұстанушылардың діни бірлестіктері арасындағы өзара түсінушілік пен төзімділікті нығайту, олардың мемлекетпен өзара әрекеттесуі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарады.

Сонымен бірге, бүгінгі ақпа­раттық заманда қоғамдағы келең­сіз­діктер мен діни экстремизм идеологиялары, лаңкестікке жол бер­меу, олардың алдын алуда БАҚ құралдарының орны мен мүм­кіндіктері зор. Сондықтан оның жұмысы одан әрі белсендіріле түспек. Жалпы, радикалды діни идео­логияға қарсы тұра білу жан-жақты қарастырылған, кешенді іс-шараларды жүргізуді талап етеді. Ендігі ретте онда қарас­тырылған іс-шараларды жүзе­ге асырудың жолдары мен мүм­кіндіктері қарастырылуда. Қазіргі кезде дінді тек жекелеген адамдарға ғана емес, мемлекет үшін де қажетті деп түсіне білген жөн. Өйткені, қоғамда мүшелерінің бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасып дамуындағы діннің әлеуеті мен тәрбиелік рөлі мемлекет үшін қажетті, сондықтан ол дінді саяси-қоғамдық өмірден ығыс­тырып шығаруға, қысым көрсе­туге ұмтылмайды. Ал мем­ле­кет­тің тұрақтылығы мен саяси-эко­номикалық жағдайының кү­шеюі дін­нің де қалыпты дамып, өз міндеттерін атқаруына мүмкіндік беретіні рас әрі ол осыған мүд­делі болуы керек. Осындай өзара келісім мен жа­ра­сымдыққа қол жеткізгенде біз қазіргі діни ада­су­шылық пен алауыздыққа тойтарыс бере аларымыз анық.

 Б.Өтеген

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»  КММ маманы                                                   

0 пікір