Діни білімсіздіктің зардабы
Діни білімсіздіктің зардабы
28.02.2020
1089
0

Өткен жылдың басынан бастап елді ғана емес, әлемді таңқалдырып Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жусан» арнайы әскери-гуманитарлық операциясын жүзеге асыруды тапсырып, нәтижесінде қақтығыс аймақтарынан (Сирия, Ирак) 595 қазақстан азаматтары, оның ішінде 27-сі тұл жетім балалар  елге қайтарылды. Теолог, психолог, педагог, социолог және т.б. мамандар тарапынан қазақстандық дәстүрлі құндылықтарға, қоғамға бейімдеу, радикалды көзқарастан оңалту, қорқыныш сезімдерінен арылту, діни сауаттылықты ашу мақсатында шаралар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда балалар да, аналары да бейбіт, тыныш туған жеріне оралғандағы қуаныштарын жасырмайды.  

Бүкіл әлемге кесірі тиген бұл қақтығыс – діни білімсіздіктің нәтижесі екені белгілі. Ислам дінінде тек қана діни емес сондай-ақ, зайырлы білім алуды да міндеттейтіні Құран Кәрімннің Нахыл сүресі 43-аятында келтіргендей: «Егер өздерің білмесеңдер, шынайы ілім иелерінен сұраңдар». Сондай-ақ бізге жеткен Мұхаммад пайғамбардың хадисінде: «Әрбір мұсылман адамға білім алу – парыз». Дана халық айтқандай: «Білімсіздіктің шипасы – сұрақ». Ислам діні де, еліміз, қоғам да білім алуға деген көзқарасын, талаптарын айтып көрсетіп тұр. Ешқандай қоғам, ұлт, дін өкілдері болсын сауатсыз, білімсіз болуды үгіттемеген.  

Алайда, қазіргі таңда діни білімін жетілдіруге арналған сауат ашу курстарға, мешіт-медреселерге бармай, өзінің діни сауатсыздығын ескермей отырып, үлкен мәселелерге, тақырыптарға кіріп жатады.  Елге қайтарылған азаматшалардың бір ауыздан білімсіздіктің кесірінен отбасы мүшелерімен Сирия жеріне аттанғандарын айтуда. «Вконтакте», «ютуб»  және т.б. әлеуметтік желілер арқылы белгісіз адамдардан діни үгіт-насихаттар тыңдап, бейтаныс автордың кітаптарын, брошураларын оқығанын айтып жатты.  

Оңалту орталығында жұмыс барысында жүргізген сұхбатта: «2008 жылдары қатты ауырдым, сол уақытта діни уағыздар тыңдай бастадым. Қазақ, орыс тілдеріндегі өзіме ұнайтын уағыздарды тыңдадым.Әлеуметтік желілер арқылы намазхандармен танысып ақпарат алмаса бастадым. Күйеуіммен ортақ таныстарымыз арқылы 1 рет сөйлесіп үйленген едік.  Намаз, хиджаб мәселелері жайлы бейтаныс намазхан әйелдерден сұрап, орындай бастаған едім. Күйеуімнің жаңа таныстары бізге кітпшалар, брошюралар беріп, діни білімізді арттырып жүрміз деп ойлап жүрген едік. Біраз уақыт өткен соң жаңа өмір бастаймыз, ислам мемелкетінде тұрамыз деген оймен балаларымызбен кеттік...», - деп өмірі жайлы бөлісті.Осыған ұқсас тағдырлар өте көп.Бұл дегеніміз, қандай оймен, қандай мақсатпен үгіт насихат жүріп жатқанына мән бермей, уағызшылардың есімдерін, білімдерін білмей, ескермей арттарынан еріп кеткендері үшін қазіргі таңда өкініш сезімдерін жасырмайды.

Діни білімсіздіктің кесірінен өзге елге, «жалған жиһад», «хижрет», «халифалық» деген оймен отбасы мүшелерімен аттанды. Алайда, ол жақта діни сауатымызды жақсартып, араб тілін, Құран жаттап «нағыз мұсылман» боламыз деген ойлары оттың ортасында, аштықта, жесір болып қалған уақытта жанға батып, түсіне бастады. Өздерімен қоса, өз еріктерінен тыс барған балалары да сауатсыздыққа душар болды. Күнделікті жарылыстар болған жерде не білім болсын?! Елге оралған балалардың біразы әріп танымай, жазу жаза алмастай хәлде болғанына куә болдық.

XXI – ғасыр технологияның дамыған заманында ақпараттарды саралау өте қиын болып жатады. Осыны ұтымды пайдаланып өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асырып отырған көптеген діни, саяси топтар баршылық екені мәлім. Сол себепті өзге діни топтың жетегінде кетіп, көз жасын көл етпеу үшін діни білімін жетілдіру өте маңызды екенін ескерген жөн. 

 

 «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» 

бөлімінің маманы    Ж.Абдирасулова 

 

0 пікір