Интернет кеңістігіндегі радикалды уағыздардың жастарға әсері
Интернет кеңістігіндегі радикалды уағыздардың жастарға әсері
01.07.2026
236
0

Әлеуметтік желі ғаламшардағы миллиардтаған адамның күні түні үзбей қолданып отырған құралы. Заман дамыған сайын адамның өмір сүру дағдысы да өзгеріп жатыр. Осыдан он жыл алдын  қазіргі күнде қолданып жүрген көптеген смартфон қосымшалар жоқ еді. Ал қазір жата жастана қолданбаға айналып үлгерді. Сәйкесінше қылмыстың да түрлі түрі пайда болып кетті. Интернет алаяқтық бойынша 2025 жылы 27892 қылмыстық іс тіркеліп жалпы жасалған қылмыстық іс әрекеттердің 29% құрапты. Бұл тек интернет арқылы жасалған алаяқтық іс-әрекеттер ғана. Ал интернет арқылы жасалып жатқан экстремизм мен терроризм әрекеттері қаншама.

2011 жылға дейін еліміздегі заңның осал тұстары радикалды діни топтар үшін асығы алшысынан түскен заман болатын. Бірнеше адам бірігіп қоғамдық орындарда діни мәжілістер өткізіп, кейбір теріс діни ағым мүшелері үй аралап діни кітаптар таратумен айналысып кетті. Бірақ 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қолданысқа енгізіліп аяққа тұсау салынғандай болды. Заңның 9-бап 2-тармағы: Діни әдебиет және діни мақсаттағы заттар бөлімінде: 2. «Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі». Қазіргі күнде елімізде тіркелген 18 конфессияның 4 мыңнан астам діни бірлестік дәл осы заң бойынша жұмыс жасап келеді. Дегенмен заңға бағынғысы келмейтін өзінің жоспары орындалуы үшін өзгелерді құрбан ететін радикалды діни топтар бұл заңға бағынғысы келмей жатады. Әрине қылмыстың өтеуі жаза. ҰҚК нің дерегіне қарағанда 2025 жылы Қазақстанда 100 ге жуық адам экстремизм терроризм бабымен сотталған. Онвң ішінде шетел азаматтары да бар. Ал 2026 жылдың сәуір-мамыр айларында ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 13 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Барлығы да Қазақстанда теократиялық мемлекет құруға және шетелдегі соғыс белсенділігі жоғары аймақтарға баруға үгіттеген. Кейде осындай радикалды діни ағымдардың құрсауына кәмелет жасына жетпеген балалар да ілігіп қалып жатады. Кезінде Сарыағаш қаласының тумасы спорттан ел мақтанышы болған Тұрсынай мен жұма мүбарак болсын деген суретті таратқандығы үшін терроризм бабымен сотталған мектеп оқушысының тағдыры осы сөзімізге дәлел. Кейде жұмыс бабымен жүргенде осыған ұқсас жағдайларды бастан өткізіп жатамыз. Солардың бірнешеуін жаза кетсем. 2025 жылы аудандарда іс сапармен жүргенімде ауыл тұрғындарымен кездесуден соң сұрақ қойылды. Өзінің 6 жастағы баласына жұмысқа кетерде ұялы телефонын тастап кеткен. Ал ол бала тик ток желісінен құрамында радикалды белгілері барып нашид тартып она басқа адамдарға таратқан. Артынша ҰҚК дан ескерту хат келеді. Әрине бұл жағдай оңды шешімін тапты.

Ал биыл тағы іс сапар кезінде мектеп оқушыларымен АТТ жұмысы кезінде жиналыстың үстінде бір оқушы сұрақ қоя берді. Сұрағының мазмұны салафизм ағымын ақтап алатындай мәндегі сұрақтар. Жиналыс соңынан жеке сұрақ барысында әке-шешесі намаз оқиды, өзі де намаз оқиды бірақ You.tube желісінен Сауд Арабиясы Корольдігінде сотталған Халид Фулейдж және Халид ар-Рашид есімді радикалды уағызшылардың дәрістерін тыңдайтындығы белгілі болды. Ал ең қызығы екі оқиғада да сол ауылдарда ешқандай жат ағым өкілі өмір сүрмейді. Тек қана өз беттерімен интернеттен уағыз тыңдап жүрген жастар. Артынша ауыл әкімдігінде жинлыс үстінде оқушының аты-жөнін атап қалған едім тұрғындар арасынан «Ой ол менің балам ғой, үйге барған соң тәрбиелеймін» деген дауыс әлсін шығып қалды.

Құрметті ата-ана, бозбала егер сіздер балаларыңыздың немесе өздеріңіздің діни қауіпсіздіктеріңізді ойлайтын болсаңыздар интернет желісіндегі шет елдің немесе еліміздің діни бірлестіктердің мүшесі емес уағызшыларды тыңдаудан сақ болыңыздар. Әйтпеген жағдайда ҚР ҚК 174 немесе 256-баптарымен заң алдында жауапқа тартылуыңыз мүмкін. Ал бұл баптармен сотталғандарға мемлекет тарапынан рақымшылық жасалмайды.

 Қ.Қосмаханов 

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

маманы                                                                                  

0 пікір