Түркістан облысында теологиялық оңалту саласында қызмет атқаратын мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және оңалту жұмыстарының тиімділігін жетілдіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелеріне арналған республикалық семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Раманқұлов Мақсат Аралбайұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Кенжалин Данияр Айтбайұлы, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген теолог мамандар мен оңалту саласының өкілдері қатысты.
Семинар барысында Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы баяндама жасап, теологиялық оңалту жұмыстарының маңыздылығына, мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруге және аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізудің өзектілігіне тоқталды.
Аталған бағыт бойынша Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы Нағызхан Ілияс Саттарұлы, орталықтың теолог мамандары Маханбетов Саятжан Бақытжанұлы мен Бекжан Гүлдариға өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, семинарда Астана қаласындағы «Qamqor – Astana» қоғамдық қорының теологтары Қалманов Мейірбек Камалбекұлы мен Қожахметова Талшын Зарқымқызы, Атырау облысындағы «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Кеңес Әнуар Алмасұлы, Алматы облыстық «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ бөлім басшысы Буланов Аян Думанұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Жамбыл ауданы бойынша инспекторы Шадиев Алмат Берікбайұлы сөз сөйледі.
Баяндамашылар теологиялық оңалту барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, азаматтармен жеке жұмыс жүргізудің ерекшеліктері, сенімді қарым-қатынас орнату, діни түсініктерді талдау және оңалту үдерісінде қолданылатын тәжірибелік тәсілдер жөнінде пікір алмасты.
Семинар мамандар арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға, өңіраралық тәжірибе алмасуға және теологиялық оңалту жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталды.
Мұндай тәжірибелік кездесулер мамандардың кәсіби әлеуетін арттырумен қатар, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен азаматтарды оңалту бағытындағы жұмыстарды жүйелі әрі нәтижелі жүргізуге ықпал етеді.

















+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru