Сириядан оралу және оңалу
Сириядан оралу және оңалу
04.05.2020
1979
0

Бүгінде елімізде діни ахуал тұрақты және азаматтардың діни саладағы құқықтарын жүзеге асыру мемлекет тарапынан қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Қазіргі таңда біз үшін ата дінімізді, ұлттық қасиетімізді, әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрімізді қайта түлетіп, бәрін толық қалыпқа келтіруге тамаша мүкіндік беріліп отыр. Қазақстан халқының өмірінде діннің алатын орны мен рөлі маңызды әрі ерекше.

Өскелен жас ұрпағымызды өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін менгерген, мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақи менталитетімізге имандылық ұрығын сеуіп, жастарымызға ерте жастан мұсылманшылықтың басты тұтқасы  иман екендігін ұғындырудың маңызы өте зор. Иман – бұл адам жүрегінің тазалығы, адамгершілігі, тәубешілдігі.

Ислам дінін теріс уағыздап жүргендер қаншама отбасыны дұрыс жолдан тайдырып, өздерінің бұрыс идеологиясын жүргізіп жатқаны жасырын емес. Алланың атын жамылып, өздерінің қара ниетін діни сауаты төмен азаматтар арқылы жүзеге асыруда. Әдебиетіміз бен тарихымызда жастайынан сақалды жөнсіз өсірген мәдениетті естіген емеспіз және қыз келіншектердің құдды бір қазаға ұшырағандай қара жымылып, бет-аузын тұмшалаған қылығы жаныңа батады. Қазақта қара – қайғының, ақ –  жаулықтың белгісі. Онда неге жас өрімдей қыздарымыздың ақ немесе қара жамылуын түсіне алмай келеміз. Әрине мұның бәрі ілімсіздіктің кесірі. Өзге елдің жымысқы саясатын тықпалап, аруларымызға қазақ әйеліне тән емес, салтымызға қайшы «перде» жабуға мәжбүр етті. Исламда адамның иманы сыртқы киіммен өлшенбейтіндігі бесенеден белгілі. Қазірде ислам діні десе, жұрттың төбе шашы тік тұратыны содан. Кереғар діни ағымның мақсаты – имани таза мұсұлман дініне іріткі салу.

Осындай ислам атын жамылған теріс ағым ықпалынан қаншама қандастарымыз отанын, отбасын, ата-ана бауырын жат санап қақтығыс аймаққа аттанып кетті. Онда «Ислам халифатын» құрамыз, шын мұсылмандар бір аспан, бір шаңырақ астында өмір сүреміз деген жалған ислами сенімнің құрбандары болды.

Бірі Сириядағы шынайы өмірді біліп барса, бірі білместен барып, өздерінің ешқандайда ислам халифатын құруға емес, әлде біреулердің түсініксіз саясатының қолшоқпары болуға келгендерін кеш түсінеді. Алайда, шегінерге жол жоқ. Әйелі, бала-шағасының өмірін қауіп пен қатерге тігіп, қантөгістің ортасында жүруге мәжбүр болды.

2018 жылы шілде айында Қазақстан Респупликасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Азаттық радиосына Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800 тарта қазақстандықтар кеткенін хабарлаған. Комитет Сириямен Ирактағы халықаралық ұйымдарда Қазақстаннан кеткен 120  ер адам, 250-астам әйел және 500 бала барын айтқан.

2019 жылы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен және мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қолдауымен еліміздің әскери күштері 5-6 қаңтар күні алғашқы «Жусан» әскери-гуманитарлық операциясын ұйымдастырып, кезең-кезеңімен елге 595 азаматты қайтарды. Оның ішінде 33 ер адам, 156  әйел, 406 бала (32 жетім) бар.

Қазіргі таңда Түркістан обылысында «Жусан» операциясы бойынша оралған 5 отбасы бар. Түркістан обылысы Қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог және психолог мамандары олармен радикалды санадан арылу, қазақи салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылығымызды бойларына сіңіру, дәстүрлі діни көзқарасқа қайтару  мақсатында үздіксіз оңалту жұмыстарын жүргізіп жатыр.     

Деструктивті діни ағымдығы отбасылармен жұмыс жүргізуде оларды 100 % оңалды, қоғамға бейімделді деп айтуымызға әлі ерте. Психологиялық тұрғыда шаршаған адамға бірден оңалту шараларын жүргізу дінді түсіндіру қиынға соғады. Өйткені олар танысқанына көп балмаған адамдарға сене бермейді. Бірте-бірте қоғамға бейімделіп келеді. Аналарына және балаларына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Олар қақтығыс аймағында теледидар көруді харам деп санаған, музыка мен мерекелік іс-шараларға қарсы болған.

Сирияда бастан кешкен өмірі балалардың ойнауынан, сөздерінен, салған суреттерінен көрініс табады. Қақтығыс аймақтан келген балаларды ойнатып, қарап отырып ойға қаласың. «Атып өлтіремін», «ұрып құлатамын», «аямаймын» деген сөздерді жиі қолданады. Оны айтқан балада жазық жоқ. Ол бала не көрді, не естіді соны істейді. Бірақ балалармен жұмыс жасау аналарына қарағанда оңай деп ойлаймын.

Қазіргі таңда аналары түрлі курстарды оқып білімдерін жетілдіруде, балалары түрлі мерекелік іс-шараларға қатысуда. Олар отанына оралғанына бір жылдың көлемі болды, алайда оңалу үрдісі уақыт еншісінде. «Асықпаған арбамен қоян алар» - дегендей 5 отбасыны қоғамға асықпай бейімдеуіміз керек.

Бастапқыда аналары мен балалары тұйық, қарым-қатынасқа түсуден сескенетін еді. Бұл психологиялық тұрғыда қалыпты жағдай болып есептеледі. Психологтар әр түрлі семинар-тренингтер, топтық ойындар ұйымдастырып бейімдеу үстінде. Елімізге келдіңіздер, енді барлығы жақсы болады деп рухтандыра отыра жұмыс жүргізудеміз.

Қақтығыс аймағында балалардың білім алуына көңіл бөлінбеген. Ол жақта білім алудың орнына әскери дайындық, қару қолдануды басты орынға қойған. Аздап араб тілін меңгерген. Балалар араб, күрт, қазақ, орыс тілдерін жақсы біледі. Себебі, ол  жерде ТМД мемлекеттерінің басқа да елдерінен және Еуропа елінен келген отбасылар да болған. Ал қазіргі таңда емін-еркін сұқбаттарға қатысып, ойларын ашық жеткізе алады.  Балаларын  түрлі концерттерге, ойын-сауықтарға, музейлерге, зоопарктерге апарып жатырмыз. Мектептегі көптеген іс-шараларға қатысуда.

Ойындарын дәстүрлі ойынға ауыстырып (ақ серек-көк серек, асық ойыны, шіле таяқ ойыны), өзгертіп басқа да ойындармен қызықтыру керек. 9 жасқа дейін балада критикалық ойлау қабілеті болмайды яғни балалардың әр көргені түпсанасына сақталып отырады. Балалардың бастан кешкені ертеңгі күні оның болашақтағы мінез-құлқына, өміріне қатты соққы болатыны анық. Балалармен жеке-жеке психологиялық жұмыс жүргізілу керек.

Балалар тілді түсінбейтін ортаға барған, стрес алған, қантөгіс, агрессия көрген. Ең алғаш кезде азаматшалар бәрін харам деп түсініп және қарсылық білдірген. Егер балаларды өз бетімен жіберсек, біз қоғамға сіңе алмаған  агресивті ұрпаққа тап боламыз. Балаларда ертең қоғаммен байланыс таба алмауы немесе конфликтілік жағдайға алып келуі мүмкін. Қазір балалар спорттық шаралар, қөлөнер үйірмелеріне барады.

Психолог маман ретінде балалардың қорқынышпен және күйзелістен арылту үшін арт-терапия, тыныс алу гимнастикасы, құммен ойнау және түрлі терапия ойындарын ойнату арқылыкөмектесіп жатырмыз. Балаларды қалыпты қоғамға қайтару үшін жылдар бойы кешенді психологиялық оңалту жұмыстары қажет. Аналары орамалдан түбегейлі бас тартпаса да тұмшаланып орануларын ашық түске ауыстырған. Қақтығыс аймақта болған күндерін естеріне алғысы келмейді. Көңіл  күйлері жақсы. Елге деген алғыстарын жеткізуде.

  

Түркісан облысы қоғамдық даму басқарамасы,

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

«Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі маманы                           А.Джахаева

0 пікір