Тыйым салу ма, әлде тәртіпке келтіру ме?
Тыйым салу ма, әлде тәртіпке келтіру ме?
23.02.2018
846
0

Тыйым салу ма, әлде тәртіпке келтіру ме?

Қазіргі таңда діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен түзетулер халық арасында әр түрлі түсініспеушілік орын алып отырғаны анық. Солардың бірі кәмелетке толмаған балалардың діни орындарға барып қатысуы туралы болып отыр.

Бір қарағанда, бұл балалардың діни орындарға баруына тыйым салу заңы секілді көрінуі мүмкін. Алайда бұл балалардың наным-сенімін, ар-ождан бостандығы немесе діни бағытын таңдауына кедергі келтірмейді. Бұл заңда тыйым салу емес, кәмелетке толмаған балаларды тәртіпке келтіру реттеу жағы қолға алынған. Себебі, кәмелетке толмаған балаларды әр түрлі кереғар діни ағым өкілдері өз қатарына тартып жатқандығын жоққа шығара алмаймыз. Демек аталмыш заң жобасына дәл осы бала құқықтарына байланысты өзгеріс енуі өте өзекті.

Жалпы, мемлекеттің әлеуметтік дамуының аса маңызды міндеттерінің бірі отбасы институтын және оның қоғамдағы дәстүрлі моральдық және адамгершілік құндылықтарын сақтау. Сондықтан отбасы-неке қатынастары жүйесіндегі мемлекеттік саясат, ең алдымен, отбасы институтын және оның құндылықтарын нығайтуға әрі дамытуға, оны деструктивті идеялардан қорғауға бағытталған.

Конституциялық құрылымның зайырлылық қағидаттарына сәйкес ата-аналар немесе олардың басқа да заңды өкілдерінің тәрбиесі баланың өміріне, денсаулығына қатер төндірген және құқықтарына қысым жасаған жағдайда, мемлекет мұндай тәрбиеге араласа алады.

Кәмелетке толған балалар ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің діни сеніміне қарамастан өздерінің діни немесе атеистік сенімдері мен қалауларын ерікті түрде айқындау құқығына ие.

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары заңмен қорғалған. Атап айтқанда, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес діни бірлестіктердің басшылары кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде, кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Бұл кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты діни жораларға тек қана оның екі ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімі болған жағдайда ғана жол берілетіндігін білдіреді.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-ІV заңының Мемлекет және дін 3бабының 4,5 тармақшасында:

 Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады делінген.

Аталған баптың 5 тармақшасында: Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сенімдерін қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құбылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді делінген.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР заңының 35 бабының 1және 2 тармақшасында:

  1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың діни дүниетанымына негізделген тәрбиеге араласпауға, білім беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердің шегінен тыс жерлерде баланың қатысуымен діни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, оның құқығын бұзатын және жауапкершілігін шектейтін жағдайдарды қоспағанда, кепілдік береді делінген.
  2. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты діни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімімен жасалады. Балаларды дінге тарту жөніндегі мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді делінген.

Аталған заң жобасына енгізілуге ұсыныстылған заңы жобасы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңының 35 бабының 2 тармақшасына:

Рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алып жатқан адамдарды қоспағанда, он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандар ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе өзге де заңды өкілдерінің ілесіп алып жүруімен, сондай-ақ ата-анасының біреуі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірмеген кезде құдайға құлшылық етуге, діни жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыса алатындығы туралы заң жобасын енгізу туралы заң ұсынылған.

Жоғарыдағы аталған заңдардан қорыта келе, бүгінгі таңда бала шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап имандылықты бойына сіңіру, оны адал, отансүйгіш жан-жақты білімді етіп жетілдіру, қысқасы, кәміл адам категориясына қарай жетелеу аса маңызды міндет. Бала тәрбиесіне ата-ананың да, мектептің де мұны талассыз жүргізіп отыруы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сонда ғана болашақта ақылды, адамгершіл, кішіпейіл, иманды, инабатты, мейірімді азаматтар елімізде көптеп өркен жаймақ.

ОҚО дін істері басқармасы «Дін                          

    мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің маманы Бағлан Маликов

 

0 пікір