Уақыт пен денсаулықтың қадірі
Уақыт пен денсаулықтың қадірі
22.05.2020
2534
0

 Уақыт адамға берілген аманат, оның өлшемі құнсыз. Өткен күн қайтып келмейтіні белгілі. Сондықтан адам өмірі үшін уақыт маңызды. Мәселен, ай-күнімізді, тіпті жылымызды да уақытқа сай жоспарлаймыз. Кейде пенде өміріндегі қиыншылықтар мен сәтсіздіктерді уақыт пен заманның кінәсі деп біледі. Күнделікті өмірде болған жұмыс орнында немесе жақын ағайын-туыстары сәтсіздікке ұшыраған сәттерде, оны адамның жасаған қателігі деп білмейміз. Бұл өмірде «Заман не болып кетті», «заман бұзылды», - деген сөздер де айтады. Уақыттың қадіріне жеткен де жетпеген де бар. Заман өзгермейді, ол өз уақытымен өтуде, адамның өзі өзгеріп, сәтсіздіктерге тап болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа Covid-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысы төтенше жағдай режимі орнатылды. Елдегі төтенше жағдай уақытында, жұмыс орындары уақытша жұмысын тоқтатты. Аталған індеттің таралуына байланысты төтенше жағдай режимі де созылып, осы уақытқа дейін жетті. Бұл жылғы мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы да, өткен жылға қарағанда өзгеше өтуде. Өйкені ауызашар, діни рәсімдер мешіттегі жамағатпен оқылытын бес уақыт намаз, Жұма намазы, Тәребі намаздары да уақытша тоқтады. Бұның барлығы халықтың амандығы мен денсаулығына қауіп төніп, індеттің жаппай таралып кетпеуі үшін жасалған сақтық шаралары. Адам баласына денсаулығын сақтап, таза жүруді, өзін аурудан қорғау үшін көпшілік орналасатын орындардан оқшауланып, күнделікті керекті медициналық құралдарды қолдану керектігін, денсаулығына уақыт бөлуді медицина мамандары міндеттеді.

Уақыт секілді денсаулықтың да қадірі өте маңызды. Уақыт таппай тіршілік жасаудың қамымен жүрген қыбырлаған адам баласы, бірнеше күнге уақытша демалысқа шықты. Отбасына көңіл бөлмей, жұмыстан уақыт таппай  жүрген ата-ана, мектеп пен ойыннан босамаған бала да, қартайған қариямен еңбектеген бала барлығы бір үйге жиналып, отбасы мүшесі толықты. Осы сәтті пайдаланып, үй шаруасындағы жасалмай жатқан жұмысты бітіріп,  отбасына көңіл бөліп, бала тәрбиесімен де айналысты. Кейбір адамда жалығу деген қасиет бар емес пе. Көп уақыт ұзамай отбасымен үй ішінде қамалып отырудан да жалықты. Көңіліне ұнаған әлеуметтік желідегі кино, әзіл-қалжын, барлығын бітірді. Кейде бос уақыттан жалығып, «осы уақытта өтпей кетті», «уақыт өткізу керек еді», - деген сияқты сөздермен бос уақыттың қадірін бағалай алмағандарды да кездесті.

Ислам бізге уақыт мәселесіне немқұрайлы қарамауды ескертеді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) да екі нығметтің қадірі жайында Абдулла ибн Аббастан жеткен хадисте: «Адамдардың көбі қадіріне жете білмейтін екі нығмет бар, ол - денсаулық пен бос уақыт»,- деген. Әрине, уақытты тиімді пайдалы өткізіп, өмірінде көптеген өзгерістер жасап, жетістікке жеткен жандар да аз емес. Ардақты сахабалардың бірі Омар ибн Хаттаб (р.а.): «Төрт нәрсе кері қайтарылмайды: атылған оқ, жұмсалған ақша, қолға түскен мүмкіндік және өткен уақыт», - деген сөзінен үлгі алуға болады. Ислам әр нәрсенің қадірін білуді, өзіне пайдалы, тиімді іспен айналысуды үйретеді. Адам баласы жоғалтқан байлығын, затын қайта еңбектеніп таба алады. Бірақ босқа өткізген уақытын қайтара алмайды. Уақытымен қаржы таба алады, бірақ ақшаменен уақытты сатып ала алмайтыны белгілі. Бұндай мүмкіндікті дұрыс пайдаланған абзал. Уақыт тұрғысында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы:

«Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман», - деп өз өлеңінде уақыттың қадірі жайында тамаша бейнелейді.

Халықта әр сәтті мына адамнан сұра:  «Бір жылдың қадірін білем десең,  бір жылға курста қалған студенттен сұра. Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында босанған келіншектен сұра. Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын редактордан сұра. Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұра. Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан қалып қойған жолаушыдан сұра»,-деген екен. Иә, үлкен жетістіктерге жеткен ұлы кісілердің барлығы да уақыттың қадірін біліп, оны өте тиімді пайдалана білген.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Мына бес нәрсе келместен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: ауру келместен бұрын денсаулықтың, жұмыс басты болмастан бұрын бос уақыттың, қартаймастан бұрын жастықтың, кедей болмастан бұрын байлықтың, өлім келместен бұрын өмірдің», - қадірін біл дейді.

 Қорыта келе өмірде адам үшін  әр нәрсе «Қолда барда қадірі жоқ»  болып көрінеді. Жас уақытында бойында күші мен ойында ақылы бар кезде, уақытпен денсаулығыңды білім алуға, бір пайдалы болған дүниені үйреніп қалуға тырысу керек. Әлемге таралған індет, өкінішке қарай көп адамның өмірін қиды,  сол індетпен ауырғандар  денсаулықты уақытында сақтау керектігін түсінді. «Адамға жан қайғы» болған уақытта көпшілігі денсаулықты дұрыс жолға пайдалануды түсінді. Карантин уақытында адамдар өзі шаршаған жұмысы, жалыққан достары, көрші қаладағы туысының қадірін білді. Ал ендігі уақытты тиімді, әрі денсаулығымызға да пайдалы етіп өткізе білейік.

 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

Сайрам ауданындағы теолог маманы Битанов Жангелді   Нұрғалиұлы 

0 пікір