Теріс ағымдардың ғаламторда жастарға ықпалы
Теріс ағымдардың ғаламторда жастарға ықпалы
21.02.2020
1474
0

 

Бүгінде, асыл дінімізбен мүлдем жанаспайтын жат ағымдар жетегінде кеткен қаншама қандастарымыз өз жақындарынан, достарынан теріс айналып жатқаны баршаға мәлім. Мұндай түрлі жат ағымдардың жетегіне ерген жас азаматтарымыз балаларына тиісті медициналық екпе ектіруден бас тартып, мектептегі сабақтарын тастап, мектеп жасындағы ұл-қыздардың музыка тыңдауына – қарсылық білдіріп, мемлекеттік гимнды тыңдауды және Туға құрмет көрсетуді харам дейтіндер де бар. Осындай бір ағымдардың теріс пиғылды уағыздарының салдарынан еліміздегі кейбір ұл-қыздарымыз отбасы мүшелерінен, үй-меншіктерінен айырылып, түрлі психикалық ауруларға шалдығып, өз-өзіне қол салып, әр түрлі жағымсыз жағдайларға тап болып жатқандарын да жоққа шығаруға болмайды.

Тарихқа көз салсақ, ғаламтор пайда болмай тұрып, адам баласы өзіне керекті ақпаратты, түрлі жағдайлар арқылы керекті мәліметіне қол жеткізетін. Кейіннен пошта жүйесі, одан келе телефон[1] адам баласының жеткен жетістігі. Телефон адамның өміріне ену арқылы түрлі ақпаратты жылдам, әрі тез қол жеткізуде адам баласының пайдасына шешілді. Қазіргі ғылымның жетістігі сол 2,5 ғасырға жуық уақытты артқа тастап, байланыс жүйесі – ғаламтор мүмкіншілігімен соның ішінде неше түрлі әлеуметтік желілер[2] мен мессенджерлер, видеопорталдармен толығып, адамзат баласына бұрындары тек арман-қиял болған байланыстың, шын өмірде жүзеге асуын соның дәлелі. Қалтаңызға сыйып кететін смартфонның көмегімен әп сәтте әлемдегі болып жатқан жаңалықтар мен түрлі саладағы жетістіктерден хабардар болу, адам баласының соңғы жеткен жетістігі.

Ғаламтор уақыт санап адам өміріне қолайлы, әрі оң өзгеріс әкелумен қатар, зиянын да тигізуде. Өйткені ғаламторға тәуелді[3] болу процесі қоғам арасында өзекті тақырыпқа айналуы соның дәлелі.

Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің шекарасын басып алмай-ақ, халықтың ақпарат көзі арқылы сол елдің кемшілік тұстарын жан-жақты зерттеп, түрлі айла тәсілдерді қолдану арқылы, елді іштен іріту құралына ғаламтор айналып үлгергені де жасырын емес. Бір халықтың ертеңгі болашағы жастар дейтін болсақ. Қазіргі таңда кереғар ағым мүшелері жастардың ғылым-білім жолындағы әрекеттерін ізденіске емес, өздерінің арам пиғылды мақсаттарына пайдалануы соның дәлелі.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында дін атын жамылған кереғар ағымдар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені де белгілі жәйт. Өздерінің қатарларына адамдарды түрлі айла амалмен көшеде, сауда орындарында өз ағымдарына тартатын кітаптар мен брашюрлар, дискілер таратып, алдап-арбап өз қатарларына қосқанынан ел хабардар.  2011 жылғы 11 қазандағы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында діни жоралар мен рәсімдер, миссионерлік қызмет, діни әдебиеттер мен діни мақсаттағы заттар, мемлекет пен діннің арақатынасы толық көрсетіліп қабылданды. Яғни кез-келген діни бірлестік пен миссионнерлік қызметтің өзіндік ережелері мен нормалары бекітілді. Дегенмен қазіргі ақпараттық қоғамда көлденең келген көк аттыға алданып, опық жеген жандар да жетерлік.

Бүгінгі ақпараттық қоғамның келеңсіз көрінісі, қандай да бір ақпараттарды сүзгісіз қабылдауында деуімзге толық негіз бар. Кез-келген жас немесе жоғары білімді азамат – ғаламтор құрбанына айналуы, арбалуы мүмкін.

Ғаламторда неше түрлі ақпарат іздеу арқылы рухани қажеттілігі өтелмеген, діннен хабарсыз «өз дінім мен Алламды танығым келеді» – деген азамат ғаламтор берттерінде жарияланған діни ақпараттардың ақ – қарасын ажыратпай, білмей «дұрысы осы екен» -деп қабылдаған жастардың – ғаламтор құрбаны болғанынкөз көріп, құлақ естіп жүр. Ғаламтордың мен әлеуметтік желінің «құдіретінің»  салдарынан діни экстремизм мен терроризм қаупінің жыл санап артып келеді. Бұл  әлем елдерінің назарын өзіне аудартуда. Америкалық сарапшылардың мәліметінше, 2017 жылы әлемде 8 мың 584 теракт болған. Бұл сан 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 23 пайызға аз. Террорлық шабуылдардан 19 мыңға тарта адам қаза тапқан. Шабуылдар жалпы жүз елде жасалған. Террорлық шабуылдар ең көп жасалған бес ел - Ауғанстан, Ирак, Үндістан, Пәкістан және Филиппин. Террорлық шабуылдардан ең көп зардап шеккен Ауғанстанда 4 мың 672 адам құрбан болған.[4]

Ал «Халықаралық түрме реформасы» (Penal Reform International - PRI) ұйымының мәліметтері бойынша, Қазақстанда экстремистік және террористік айыптар бойынша сотталғандар саны көбейіп келеді. 2014 жылы елде экстремистік және террористік баптар бойынша 154 адам, 2015 жылы – 317 адам сотталған, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 554 адамға жеткен.[5] Олардың 327-сі «экстремистік» сипаттағы қылмыс жасаған.[6] 2018 еліміздегі түрмелерде 32 мыңға жуық адам жазасын өтесе. Оның 700-ге жуығы экстремизм бабы бойынша сотталғандар.[7]

Ғаламторда діни арбаушының құрығынан қалай құтылуға болады?!– деген заңды сұрақ туындауы әбден мүмкін. Ең бірінші кез-келген әлеуметтік желідегі сұқбаттасушы немесе достық ұсынған адамды мынадай сүзгіден өткізіңіз:

  1.   Аты-жөні. Кез-келген арбаушы өз бейнесін көрсетпеуі, жасыруы мүмкін. Яғни, «жалған атпен»[8]өзін жасыру. Мысалы: Әл-Қазақстани, Абу Ибраһим, Абу Айша, Айнұр ал-Ислам, Алланың Құлы, Әбу Мәриям т.б
  2.  Парақшасында жариялаған ақпараттар. Құраннан аят, хадис не болмаса «шейхтарының»[9] жалпы исламдағы фыкх, ақида, ахлақ жайлы пост, аудио, видео уағыз насихат арқылы арбау.
  3.  Тіркелген қауымдастықтары мен достары. Елімізде тыйым салынған уағызшылар және аты-жөні белгісіз (жалған аккаунт) достары көп және құрығына ілінетін адамдар тізбегі достықтарында болуы (енді ғана дін туралы түсінік қалыптасқан адам, тура жол осы екен деп виртуал досы арқылы ислам туралы кереғар ағым мүшелерінің түсінігі қалыптасуы) әбден мүмкін.
  4.  Комментарийлері арқылы. Жазған агрессивті пікірі мен пікірталастарынан танып білуімізге (өзінің жеке парақшасындағы, қауымдастықтарындағы (сообщество) постынан, фото, видеоға жазған пікірлерінен аңғаруға) болады.

Құрметті ата-ана, дінін танығысы келетін достар,ғаламтордың өз тәртібі мен шекарасын ескеріңіз. Шекарасыз келген діни ақпараттан өзіңіз не балаңыз, жақыныңыз, туысыңыз зардап шекпесін десеңіз:

  • Бейтаныс адамды әлеуметтік желідегі виртуалды достыққа қабылдау үшін, ол адамды жан-жақты тексеріп жоғарыда келтіген категория бойынша сүзгіден өткізіңіз;
  • Ата-ана міндетті түрде балаңыз кіммен дос болуда, виртуалды әлемге қаншалықты тәуелді соны ескеріңіз;
  • Таныс емес адамнан келген ақпараттарды сүзгіден өткізбей (яғни маған қаншалықты керекті ақпарат не болмаса керексіз) таратпаңыз, бөліспеңіз;
  • Ғаламтордағы дін туралы мәліметті 100% пайыз дұрыс деп есептемеңіз. Ол бұрмаланған ақпарат болуы әбден мүмкін.

Әлеуметтік желідегі әрекеттер үшін «жаза» барын ұмытпаңыз:

Жалпы рухани қажеттілігіңізді қанағаттандырғыңыз келсе, жақыныңыздың жат ағым жетегінде кетті деген ой мазаласа, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің сенім телефоны «3-51-24» арқылы Сізді не жақыныңызды мазалаған сұрақтарға, орталық мамандары қашанда көмек қолын созуға дайын.

Өзіңізді ғаламтордың шекарасыз зиян ақпаратынан сақтап қалу әлі де кеш емес! Ойланыңыз!

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»КММ-нің

дінтанушы маманы  Жалғас Жорабек

           

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ғаламтордағы махаббат бомбасы. Баспаға дайындағандар: Ф.Тайталиев, М.Мұстафаев. Шымкент 2018 ж 35-бет

2.https://www.azattyq.org

3.https://inbusiness.kz/kz

4.https://www.ktk.kz/kz

5.https://massaget.kz/



[1]Телефонныңқысқашатарихы 1875 жылдың 2-маусымында Бостон университетініңшешендікөнермектебініңпофессорыГрехем Белл еңалғашретбайланыстырушысымдардыңкөмегіменөзкөмекшісініңдаусынестиді. Өнертапқышшотландтықтыңбұлжаңалығытарихбетінде «телефон» – дегенатпенқалды. Бірқызығы, өнертапқыштыңесіміағылшынтіліненаударғанда, «қоңырау» дегенмағынабереді.

 

[2]Әлеуметтік желілер интернетте 1995 жылдан бастап кең тарала бастады. Осы жылы бірінші әлеуметтік желі classmates.com (сыныптастар) сайты ашылды. 2003-2004 жылдар myspace, facebook жобалары шықты

 

[3]Интернет – тәуелділік термині алғаш рет  1994 жылы  АҚШ-та пайда болды.

[4]https://www.azattyq.org/a/29499878.html

[5]https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-shymkent-terrorism-trial-iztileuov/29140451.html

[6] https://inbusiness.kz/kz/last/ekstremizm-ushin-sottalgandar-kobejdi

[7] https://www.ktk.kz/kz/programs/novosti/108284/

[8]Фейк аккаунт (жалған)

Ғасыр қылмысы Әлеуметтік желіде біреудің атынан тіркелгені үшін абақтыға қамауы мүмкін.

Мұндай қатаң заңнама Мароккода қабылданған. Жергілікті университет студенті королдік жанұяның мүшесі атынан әлеуметтік желіде «өтірік аккаунт» ашқан. Қарапайым студент жасаған қылмысы үшін оқу орнынан шығарылып, үш жылға бас бостандығынан айырылады.

[9]Елімізде тыңдауға тыйым салынған қазақ,орыс,араб тілді уағызшылар: Тоиржан Ибрагимов, Дарын Мубаров, Ділмурат Махаматов, Ринат, Наил Зайнуллиндер, Октам Зауырбеков, Назратуллах Абу Мариям, Халил Абдужаппаров, Ибн Баз, Абд ал-Уаххаб, Ибн Таймийа, Шейх Фаузан, ибн Қаиим және т.б

0 пікір